Өскеменде мейрамханадан ішінде 20 мың доллары бар сейф ұрланды

иллюстрация үшін алынды
Ұрылар мейрамхананың пластикалық терезесін бұзып, кірген.

Өскеменде қаскөйлер 4 наурыз күні түнгі сағат үш шамасында мейрамхананың пластикалық терезесін бұзып кіріп, 20 200 доллар және 100 000 теңге сақтаулы тұрған металл сейфті ұрлап кеткен, деп хабарлайды Алтайньюс.

Полиция қызметкерлерінен жасақталған жедел топ 26 және 35 жастағы екі күдіктіні қолға түсірді. Жауап алу барысында құқық бұзушылар өз кінәсін мойындап, сейфті қайда жасырғандарын айтты.

– Қазіргі уақытта қылмыскерлер уақытша ұстау изоляторында. Ұрлық фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188 бабы 4 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деп мәлімдеді қалалық полиция басқармасының басшысы Дәуір Ибраев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін