Қарағандыда қоқыс жәшігінен табылған нәрестенің анасы кім екені белгілі болды

ainews.kz
"Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша қозғалған қылмыстық істің аясында оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр.

3 сәуірде Қарағанды ​​қаласындағы Октябрь ауданындағы үйлердің бірінің жанындағы қоқыс контейнерінен бір айға толмаған жаңа туған нәресте табылды. 6 сәуірде полиция сәбидің 22 жастағы анасын тапты, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, қызды жедел жәрдем бригадасы тексеруден өткізді. Дәрігерлер оның денесінен жарақат белгілерін таппады.

Полиция департаментінің басшылығы көкек ананы анықтау үшін криминалды полицияның және жергілікті полиция қызметінің ең тәжірибелі мүшелерінен тұратын жедел-тергеу тобын құрды. Ішкі істер органдарының барлық құрамы бағыт-бағдар алды. 6 сәуірде облыстық криминалдық полициясы, Қарағанды ​​қалалық полиция бөлімі және Октябрь аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бірлесе өткізген іс-шараның нәтижесінде жаңа туған баланың 22 жастағы анасын анықтады, деп хабарлады полициядағылар.

Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3, 99-баптың, 1-бөлігі, яғни "Адам өлтіруге оқталу" бойынша қозғалған қылмыстық істің аясында оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз