Оралда әйелі мен екі баласын өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

zakon.kz
Қайғылы оқиғаның нақты себеп-салдары әлі белгісіз.

8-9 сәуірге қараған түні Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының Ақтау ауылында қайғылы оқиға орын алды. Ер адам өз әйелі мен екі баласын өлтірген деген күдікке ілінді, деп хабарлайды zakon.kz.

Шамамен түнгі сағат бірде ауылдың шетіндегі бір үй отқа оранды. Өрт сөндірілгеннен кейін төтенше жағдайлар қызметкерлері үйден жас әйел мен екі баланың мәйіттерін тапты.

Уральская неделя басылымының хабарлауынша, қайғылы оқиғадан кейінгі полиция 1986 жылы туған Серік Кафизовты өз отбасын өлтірді деген күдікпен іздестірде бастаған. 9 сәуірде таңертең оның қайда екендігі анықталып, ол қамауға алынды.

Полицияның мәліметінше, қамауға алу кезінде ол өзінің мойнын кеспек болған. Полиция оны аудандық ауруханаға жеткізді, оған медициналық көмек көрсетілді, сол күні кешке күдікті тергеу изоляторына қамалды. Ол мектеп кітапханашысы болып жұмыс істеген әйелін және оның 1 және 2 сынып та оқитын екі қызын өлтірді деп күдікке алынды. Күдікті жақында Атырауда вахталық әдіспен жұмыс істеп келгені белгілі.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы: 99-бабы, 2-бөлігі - "Екі немесе одан да көп адамды өлтіру", сондай-ақ 202-бап, яғни "Адамның өліміне әкеп соққан бөтеннің мүлкін қасақана жою" бойынша тергеуді бастады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек