Мұнаймен "махинация" жасаған атыраулық үш жылға сотталды

regnum.ru
Мұнай өнiмдерiн шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз тасымалдауға, иемдену, өткiзу, сақтау, қайта өңдеуге болмайды.

Атырау облысында 1,5 мың тонна дизель отыны мен 400 тонна мазутты заңсыз сату фактісінің жолы кесілді, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторинг комитетінің БАҚ-пен жұмыс жөніндегі басқармасына сілтеме жасап.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің басым бағыттарының бірі – мұнай және мұнай өнімдерінің көлеңкелі айналымымен күрес.

Осылайша, жедел-іздестіру шаралары барысында Комитеттің Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз 1,5 мың тонна қысқы дизель отыны мен 400 тонна мазутты заңсыз сату фактісінің жолын кесті.

Жылыой аудандық сотының үкімімен Атырау қаласының тұрғыны ҚР ҚК 197-б. 4-б, 2-т. (мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу) сәйкес кінәлі деп танылды, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы орнатылды.

Құрметті азаматтар! Егер Сізге мұнай және мұнай өнімдерінің заңсыз тасымалы, сатып алынуы мен сатылуы, сақталуы, сондай-ақ, қайта өңдеумен байланысты қаңдай да бір фактілер белгілі болса, Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне бірден сенім телефоны арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: 8 (7122) 35-42-10.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды