Ұлы мен қызын құтқарған әкенің өзі суға ағып кетті

видеодан кадр
Сұмдық жайт!

Отбасымен жабайы жағажайға келген 37 жастағы ер адам суға батып, көз жұмды. Қайғылы оқиға Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Ефремка ауылының маңында болған, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Рұқсат етілмеген жерде шомылып жүрген азаматтың ұлы мен қызын бір сәтте қатты ағыс алып кетіпті. Мұны көрген әкесі бірден көмекке ұмтылып, құтқарып қалған. Өкінішке қарай, өзі өзеннен шыға алмады. Құтқарушылар оны кеш батқанша іздеген. Іздеу шаралырының нәтижесінде, сүңгуірлер мәйітті жағадан 30 метр жерден тауып алыпты.

Нұрлан Атығаев, облыстық ТЖД басшысының орынбасары:

Күші таусылған ер адам екінші баласын құтқарып жатқанда, мен батып бара жатырмын деген айқайлаған дауысы ғана естілді. Бұл шомылуға тыйым салынған жер. Осы маңнан 300 метр жерде суға түсуге рұқсат етілген жағажай бар. Олардың неліктен тыйым салынған жерге барып шомылғаны белгісіз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда полиция 170 мыңнан астам үй мен пәтерді тексерді: себебі мен нәтижесі белгілі болды

Тоқаев "Атлетико Мадрид" клубының бас директорын қабылдады

Ақмола облысында көлік жылқы үйірімен соқтығысты

-6°C: 23 қазанда еліміздің бес өңірінде қар жауып, күн суытатыны болжанады

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды