Алматы-Қапшағай жолы бойында алапат өрт болды

видеодан кадр
"QazAvtoJol” ҰК" АҚ өрт себептері анықталуда деген ақпарат берді.

2020 жылдың 10 маусым күні шамамен түскі сағат 14:30-15:00 аралығында Алматы-Қапшағай автожолының 34 шақырымында қоқыс тастайтын жерде өрт басталды, деп хабарлайды zakon.kz.

"QazAvtoJol” ҰК" АҚ өрт себептері анықталуда деген ақпарат берді.

Оқыс оқиға туралы ақпарат бірден өрт сөндіру қызметіне жолданды. Жалын от "Алматы-Қапшағай" автожолының 33-35 шақырымында 8 автокөліктің өзара соғылысуына себепші болды. Үш адам жарақат алып, 1 адам ауыр халде. Сағат 16:30-16:40 аралығында оқиға орнына өрт сөндіру қызметі, жол полициясы мен жедел жәрдем қызметі келіп жетті. Жол полиция қызметкерлері көз аштырмас түтінге байланысты екі бағытта да көлік қозғалысына уақытша шектеу қойды. Дәл қазіргі сәтте жағдай әлі де күрделі, төтенше жағдай департаменті және жергілікті полиция қызметімен бірге қарқынды жұмыстар жалғасуда. "QazAvtoJol” ҰК" АҚ-ның баспасөз қызметінің басшысы Маржан Ордабай.

Қою түтіннің кесірінен жолда 8 автокөлік соғысты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Құрылтай құрамына кімдер енді: саяси партиялар кандидаттар тізімін жариялай бастады

Аудит нәтижесі: Қазақстан атынан шетелге баратын спорт делегациясы қатаң іріктелетін болды

Boeing ұшағы Атлант мұхитының үстінде белгісіз себеппен апаттық сигнал берді

Алматыда қыркүйек қандай болады: күзгі салқын қашан келеді және "күзгі жылымықты" күтуге бола ма