"Жетісайлықтар екен...". Желідегі видеода ауыл адамдарының не үшін төбелескені белгілі болды

видеодан алынды
Төбелес кезінде жарақат алған 12 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінді.

Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде таратылған видеоға түсініктеме берді, онда таяқ ұстаған бірнеше адамның төбелесі түсірілген, деп хабарлайды zakon.kz.

2020 жылдың 29 мамырында Жетісай аудандық полиция бөлімшесіне бір ауылдың сыртындағы егістік алқабында бір топ адамның төбелесіп жатқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына тез арада жеткен полиция қызметкерлері төбелестің суармалы суға таластан туындағанын анықтады.

Аталған факт ҚР ҚК 293 бабы, яғни "Бұзақылық" бойынша тіркелді. Төбелес кезінде жарақат алған 12 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Қазіргі уақытта тұрғындар алған дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды, деп хабарлады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Жетісай аудандық ауруханасының хабарлауынша, зардап шеккен 5 адам ем-дем алуда, қалғандары алғашқы медициналық көмектен соң үйлеріне жіберілді.

Тергеу барысында тәртіп сақшылары төбелеске қатысқан 2 азаматты ұстады және оларды уақытша ұстау абақтысына қамады.

Қазіргі уақытта осы факті бойынша оқиғаның барлық қатысушылары мен кінәлілерін анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайлары тергеу барысында анықталады, - деп сөзін толықтырды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Құрбан айт-2026: Қазақстанда мал бағасы өсіп барады

Құрбан айт-2026: мереке қарсаңында қой бағасы қанша?

Қазақстан Кенияға ЖИ және цифрландыру саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды

Қазақстанда ауқымды полицейлік іс-шаралар жүргізілуде: алғашқы күндердің нәтижесі белгілі болды