Шымкентте 4 жезөкше ұстаған жеңгетай ұсталды

видеодан кадр
Жыл басынан қала аумағында полиция қызметкерлерімен осыған ұқсас қылмыстың 12 жайты анықталған.

Шымкент қаласында рейд кезінде жеңгетайлықпен айналысқан төрт әйел ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

1 маусымда Шымкент қаласы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қала аумағында женгетайлық немесе жезөкшелікпен айналысатын қыздарды анықтау мақсатында кезекті рейд ұйымдастырды. Іс-шара барысында Республика даңғылы бойында жеңгетайлықпен айналысатын екі әйел адам жеңіл жүрісті қыздардың қызметін ер адамдарға ұдайы ұсынып, оларды Айбергенов көшесі №7а үйдің 12 пәтерде болған жезөкшелікпен айналысатын төрт қызбен кездестіргені анықталды.

Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы 1-бөлігімен (жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау, сол сияқты пайдакүнемдiк мақсаттағы жеңгетайлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Бір жеңгетай және төрт жеңіл жүрісті қыздар полицияға жеткізіліп, тіркеуге алынды.

Екінші жеңгетайдын жеке басын анықтауға және оны ұстауға бағытталған жедел іздестіру іс-шаралары полиция тарапынан жүргізіліп жатыр. Жыл басынан қала аумағында полиция қызметкерлерімен осыған ұқсас қылмыстың 12 жайты анықталған. Олардың жеті моншада, үш массаж салонында және екі жалдамалы пәтерлерде орын алған. Бұл бағыттағы жұмыс өз жалғасын табатын болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев