Түркістан облысында тауда жоғалып кеткен үш оқушының бірі өлі табылды

Тау тастары биік, тік және бірбеткейлі болғандықтан адамды алып түсу қиынға соғуда.

Түркістан облысының Төлеби ауданында жоғалған балалар таудан іздестіріліп, құтқару жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің хабарлауынша, 15 маусымда түстен кейін Төлеби ауданынан 5 шақырымда орналасқан Бұрғылық ауылындағы "Бүрғылық" демалыс орнынан 25 адамнан тұратын топ (үш ересек адам және 22 оқушы) тауға демалуға шығады. Күндіз 9 оқушы мен 1 ​​мұғалім тауға шығып, 6 оқушы мен 1 мұғалім таудан өз бетімен оралған, сонда 3 оқушы жоғалып кеткен.

Таудан түскеннен кейін мұғалім сағат 22: 48-де бұл жайынан "112" нөміріне шұғыл қоңырау шалған. Сағат 23:00-ден бастап іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Оған Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқару бөлімшелерінің, жедел жәрдем бригадасы, полиция бөлімінің 23 адам мен 5 техника жұмылдырылды. 16 маусымда сағат 00: 58-де Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-іздестіру тобы жартастан құлаған 2003 жылғы жасөспірімнің денесін тауып, оны таудан түсіріп, полицияға тапсырды, делінген хабарламада.

16 маусымда сағат 11.00-де құтқарушылар таудан екі оқушыны тапты. Құтқарушылардың айтуынша, олардың қолында ұялы телефон болған. Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары альпинистік техниканы қолдана отырып, балаларды таудан түсіру операциясын жүргізуде. Тау тастары биік, тік және бірбеткейлі болғандықтан адамды алып түсу қиынға соғуда.

Құтқару операциясының нәтижелері кейінірек жарияланады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: