Желіде Түркістан облысында жасөспірімдер түсе алмай қалған таудың видеосы пайда болды

иллюстрация үшін алынды
Видеодан жасөспірімнің біреуі шамамен таудың биік беткейінде тұрғанын көруге болады. Екінші жасөспірім көрінбейді. Олар таудың әр жерінде қалып кеткен.

Түркістан облысында екі жасөспірімді түсіре алмай жатқан таудың видеосы пайда болды, деп хабарлайды zakon.kz.

15 маусымда 25 адамнан тұратын топ Түркістан облысы Төлеби ауданы, Бұрғылық ауылынан 5 шақырымда орналасқан "Бұрғылық" демалыс аумағынан тауға демалуға шыққан. Тауда үш оқушы жоғалып, қайта оралмаған. Іздестіру жұмысы кезінде бір жасөспірімнің жартастан құлап, қайтыс болғаны белгілі болды. Тағы екі оқушыны құтқарушылар тапқанымен, оларды таудан түсіре алмай жатыр. Өйткені олар биікке шығып кеткен тау жартасы тік, бірбеткей болып келеді.

Видеодан жасөспірімнің біреуі шамамен таудың биік беткейінде тұрғанын көруге болады. Екінші жасөспірім көрінбейді. Олар таудың әр жерінде қалып кеткен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Димаш Құдайбергеннің әлемдік турына әр елдегі жанкүйерлері қазірден бастап дайындалып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын қашан жасайтынын айтты