Ұйғыр ауданында не болып жатыр?

malim.kz
Амандық Баталов Шонжы ауылына барып, дәл қазір ауыл тұрғындарымен шұғыл жиналыс өткізіп жатыр.

Бүгін таңертең Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында қақтығыс шығып, бес адам пышақталды деген бейресми ақпарат тарады, деп хабарлайды zakon.kz malim.kz-ке сілтеме жасап.

Біз бұл ақпаратты растау үшін Ұйғыр ауданы Шонжы ауылының тұрғындарына хабарластық. Ауылдың екі тұрғыны бұл ақпаратты растағанымен, "ауылға өздерің келіп, жастармен тілдесіңдер" деп оқиға жайлы нақты ақпарат беруден бас тартты, деп жазады басылым.

Бұл мәселе жайлы ресми органдар ешқандай мәлімет бермеді.

Алайда Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Шонжы ауылына барып, дәл қазір ауыл тұрғындарымен шұғыл жиналыс өткізіп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда полиция 170 мыңнан астам үй мен пәтерді тексерді: себебі мен нәтижесі белгілі болды

Тоқаев "Атлетико Мадрид" клубының бас директорын қабылдады

Ақмола облысында көлік жылқы үйірімен соқтығысты

-6°C: 23 қазанда еліміздің бес өңірінде қар жауып, күн суытатыны болжанады

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды