Шелекте қария арақ ішкен інісін ұрам деп өлтіріп қойды

deon.pl
Сұмдық оқиға Алматы облысына қарасты Шелек ауылында болды.

Ішімдік ішкені үшін сазайын тарттырмақ болған ер адам туған інісін ұрып, өлтіріп қойды, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Алайда ол қылмысын жасыру үшін барлық айғақты мұқият жойып, полицейлерді алдап, жазадан құтылмақ болған.

Дегенмен, тергеуші жауап алу барысында логикалық дәлелдердің дедукциясын пайдалана отырып, күдіктінің жасаған қылмысын әшкерелеген.

Ер адам туған бауырын қасақана өлтірмегенін айтып ақталып, оған физикалық күшті тек жазасын тарттыру үшін қолданғанын алға тартқан. Себебі, маскүнемдікке салынған інісінің түнгі қыдырыстары да көп болған көрінеді. Түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген 62 жастағы азамат есін жимастан жан сақтау бөлімінде көз жұмған.

Сұмдық оқиға Алматы облысына қарасты Шелек ауылында болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі