Заңсыз көші-қонмен күрес жөніндегі арнайы жеке взвод командирі, полиция майоры пара алу кезінде ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.
"УН" редакциясына осыған байланысты БҚО полиция департаментінің арнайы хабарламасы келіп түскен.
39 жастағы полиция майоры Асқар Серіковті ҚР ҰҚК департаментінің қызметкерлері 23 шілдеде Орал-Саратов тас жолының үшінші шақырымындағы Зачаганск ауылы маңында ұстады. Ол өзінің Hyundai Sonata автокөлігі ішінде 500 000 теңге ақша алып жатқан.
Пара беруші ақшаны Асқар Серіковке берген. 31 жастағы ер адам - жергілікті ЖШС-тің директоры болып жұмыс істейтін Атырау қаласының тұрғыны.
Сотқа дейінгі жүргізілген тергеу кезінде белгілі болғандай, Асқар Серіков пен ЖШС директоры арасындағы ақша алу туралы келісім шілденің басында болған. ЖШС директорынан полиция майоры Өзбекстанның бес азаматын "тиіспеуі" үшін 500 000 теңге талап еткен. ЖШС директоры оларды жұмысқа заңсыз жекпек болған. Жарты айдан кейін ЖШС директоры ҚР ҰҚК департаментіне арыз жазады. Сол күні кешке полиция майоры Асқар Серіков ұсталды. Аталған факт сотқа дейінгі іс жүргізудің бірыңғай тізілімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігіне сәйкес, "Пара алу" бойынша 23 шілдеде тіркелді.
Айта кетейік, қамауға алынған кезде Серіков БҚО ПД бұйрығына сәйкес, 13 шілдеден 21 тамызға дейінгі тұрақты еңбек демалысында болған. Асқар Серіков полицияда 14 жыл қызмет еткенін де айта кету керек. Соңғы екі жыл ішінде ол заңсыз көші-қонмен күресу үшін арнайы жеке взводтың взвод командирі қызметін атқарды.