Медицина қызметкері ақшаға "Covid-19 табылмады" деген жалған анықтама толтырған

inform.kz
Сұрақ-жауап алу кезінде ол маусым айынан бері осындай 12 жалған анықтама қағазын бергенін мойындады.

Алматы облысында медициналық қызметкер ақшалай сыйақы үшін "КВИ расталмады" деген медициналық зертханалық анықтаманы өтірік толтырған, деп хабарлайды zakon.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері ПТР тестінің теріс нәтижесі көрсетілген жалған анықтамаларды беру фактісін анықтады.

- Қабылданған шаралардың нәтижелері бойынша, "Ковид-19 табылмады" деген ПТР зертханалық қорытындысы бар анықтама қағазды 25 000 теңгеге беріп жатқан жерінен 1984 жылғы медицина қызметкері ұсталды, деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігі КФМ баспасөз қызметі.

Сұрақ-жауап алу кезінде Алматы облысының тұрғыны маусым айынан бастап осы уақытқа дейін шамамен 12 осындай жалған анықтама жасағанын айтты.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық ешкімге бұйырмайтын болды