БҚО-да ноутбук алуға бөлінген 6 млн теңгені шенділер "жеп" қойған

100 ноутбук сатып алуға бөлінген 6 миллион теңгеден астам сома ұрланған.

Батыс Қазақстан облысында ноутбук сатып алуға бөлінген қаражаттың ұрлануы бойынша тергеу басталды, деп мәлімдеді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші бөлімінің ерекше маңызды істер бойынша тергеушісі Данияр Биғайдаров арнайы брифингте, деп хабарлайды zakon.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті "БҚО Қаратөбе ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шенеуніктеріне қатысты қызметтік жағдайды пайдалана отырып, ірі көлемде ұрлық жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады, - деді Биғайдаров.

Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдайдың енгізілу кезеңінде, 2020 жылдың мамыр айында мердігер ұйымның бір тобы бюджет қаражатын ірі көлемде ұрлады.

- 100 ноутбук сатып алуға бөлінген 6 миллион теңгеден астам сомада ұрлық жасалды. Жоғарыда аталған қылмыстық істер бойынша күдіктілердің кінәсінің дәрежесін анықтайтын түпкілікті шешімді сот қабылдайды. Тергеу мүддесіне сәйкес басқа мәліметтер, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сүйене отырып, жария етілмейді, деп сөзін қорытындылады тергеуші.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: