ШҚО-да үй ауласынан ұрланған бала өлі табылды

Полиция күдіктіні ұстады, ол өз кінәсін мойындады.

Шығыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен жеті жасар Эдуард Жилиев өлі табылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Кеше кешкісін әлеуметтік желілерде қайғылы хабар тарады. Зубовск ауылының әкімі Владимир Морозов бұл ақпаратты растады.

Хабарлама түскеннен кейін бірден "Дабыл" жарияланып, баланы іздеуге барлық полиция қызметкерлері, еріктілер, сондай-ақ ауылдың тұрғындары жұмылдырылды.

Іздеу шаралары тоқтатылды, Зубовск ауылының маңында зорлық-зомбылық белгілері бар баланың денесі табылды, деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Әстің мән-жайлары анықталып жатыр. Тәртіп сақшылары баламен соңғы рет бірге болған ауылдың тұрғынын ұстады. Аталған фактіге қатысты "Кісі өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу іс-шаралары барысында күдікті өз кінәсін мойындады, ол Алтай аудандық полиция бөлімшесінің уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді ШҚО ПД басшысы Сағат Мәдиев.

Алдында бала бұрыннан таныс Зубовск ауылының жергілікті тұрғыны, 19 жастағы жігітпен белгісіз жаққа кеткен деген ақпарат жарияланған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: