Ақмола облысында маскүнем немересі қарияны өлтірген

belpressa.ru
Ер адам ішімдікке салынған.

Ақмола облысында немересі әжесін өлтірді, деп хабарлайды zakon.kz.

7 қыркүйекте Целиноград аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне хабарласқан Нұресіл ауылының 27 жастағы тұрғыны 87 жастағы әжесін үйінен өлі тапқанын жеткізді.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері қарияның ұзақ уақыт бойы ішімдікке салынған немересімен бірге тұрғанын анықтады. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, қария алған ауыр дене жарақаттары салдарынан қайтыс болған.

Қылмысты ашу үшін арнайы жедел топ құрылды. Нәтижесінде, шағымданушының өзі кісі өлтіргені белгілі болды.

"Аталған факті бойынша тәртіп сақшылары марқұмның 27 жастағы немересін ұстады, ол бұрын озбырлық, алаяқтық және тонау бойынша сотты болған. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы,1-бөлігі, "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады полициядағылар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі