ШҚО-да мемлекеттік бағдарлама бойынша бөлінген 20 млн теңге жымқырылған

zakon.kz
Негізінен, бюджет ақшасы қоныс аударушыларға арналған.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті "Қазына" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Департамент қызметкерлерімен "Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған" "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында бюджет қаражатын жымқыру фактілері анықталды.

ШҚО-ның Глубоковский ауданында ЖШС директоры азаматтарды жұмыс күші артық аймақтардан жұмыс күші жетіспейтін аймақтарға қоныстандыру және қоныс аудару туралы жалған мәліметтерді ұсынып, 6,8 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырғаны белгілі болды. Шынында, Бағдарламаға қатысушылар (қоныс аударушылар) ШҚО-ның аумағында іс жүзінде тұрып, еңбек қызметін жүзеге асырмаған, - деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігінің ҚМК.

Ұлан ауданында осыған ұқсас 13,4 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру фактісінің жолы кесілді.

Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 189 (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) және 190 (алаяқтық) баптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары тіркелді.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда күн жылып, ауа температурасы +27°C-қа дейін көтеріледі

Астрологтар 7 қарашада қаржы жағынан жолы болатын үш жұлдыз белгісін атады

Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, жел күшейеді

37 қылмыстық іс және 104-тен астам нысан: Қазақстан Қорғаныс министрлігін тексеру қашан аяқталады

Қазақстан Ұлттық банкі ипотека мен автокредитке қатысты маңызды шешім қабылдады