Ақтөбедегі оқушы қыздардың төбелесіне қатысты полиция түсініктеме берді

Ашық дерекөздерден алынды
Балаларына дұрыс тәрбие бермегені үшін қыздардың ата-аналарын жауапкершілікке тарту мәселесі қазір қарастырылып жатыр.

Ақтөбе облысындағы ауылдардың бірінде оқитын қыздар арасындағы төбелеске қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды zakon.kz.

- Биыл 20 қыркүйекте Темір ауданының 8-9 сынып оқушылары арасында жанжал болып, салдарынан оқушы қыздардың бірі 8 сынып оқушысын ұрып тастады, қалған куәгерлер бұл оқиғаны ұялы телефон камерасына түсіріп алған. Аталған факті бойынша "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл фактіні Темір аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлары анықтады, - делінген Ақтөбе облыстық ПД хабарламасында.

Балаларына дұрыс тәрбие бермегені үшін қыздардың ата-аналарын жауапкершілікке тарту мәселесі қазір қарастырылып жатқандығы да атап өтілді.

- Біз ата-аналарды балаларының, әсіресе жасөспірімдерді тәрбиелеу мәселесіне аса жауапкершілікпен қарауға және олардың құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілік барын айтып отыруға шақырамыз. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар ауданның білім беру мекемелерінде профилактикалық жиын өткізді, - деп түсіндірді Ақтөбе облысының полиция бастығы Атығай Арыстанов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Президенттің Жарлығы жарияланды – Қазақстан Халық Кеңесіне еліміздің 126 азаматы кірді