Қостанай облысында әйел бесінші қабаттан дәмхана шатырына құлап кетті

Қостанай облысында әйел бесінші қабаттан дәмхана шатырына құлап кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2026 13:55 Сурет: ТЖМ баспасөз қызметі
Рудный қаласында әйел бесінші қабаттағы терезеден үйге жапсарлас орналасқан дәмхананың шатырына құлап кеткен. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары дәрігерлермен бірлесіп, құтқару операциясын жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға 50 жыл Октябрь көшесінде орын алған. Әйел бесінші қабаттағы терезеден дәмхананың шатырына құлаған. Оқиға орнына құтқарушылар жедел жетті.

Құтқарушылар арқан мен зембілді пайдаланып, зардап шеккен әйелді абайлап төмен түсіріп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

ТЖМ мамандары төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне дереу қоңырау шалу қажет екенін еске салды.

Бұған дейін Үлкен Алматы шатқалы маңында тауда серуендеп жүріп аяғын жарақаттап, сондай-ақ өздігінен жүре алмай қалған Қытай азаматына құтқарушылар көмек көрсеткені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: