Елордалық әуежайдың бас есепшісі тергеу қапасында өз-өзіне қол салып, өлмек болды

zakon.kz
Бабашева пара беріп, ақша ұрлағаны үшін сотталып жатыр.

Атышулы сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша ұсталған Нұр-Сұлтан әуежайының бас есепшісі тергеу изоляторында өз-өзіне қол салмақ болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Сот отырыстарының бірінде, тамыз айында ЕС-166/1 мекемесінде қамауда отырған Бабашеваның науқас екендігі және сот отырысына қатыса алмағаны белгілі болды. Мемлекеттік айыптаушы мен сотталушы Бабашеваның қорғаушысы сараптама жүргізуге өтініш білдірді. Сот бұл өтінішті қанағаттандырды.

- Осы сараптама тағайындалғаннан кейін ЕС 166/1 мекемесінен Бабашеваның көп дәрі ішіп, уланып өлуге тырысқаны туралы хабар келіп түсті. Осыған байланысты оның психологиялық және эмоционалдық жағдайын анықтау қажет болды, - делінеді соттың келесі шешімінде.

Сотта қылмыстық істі қарау тоқтатылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды