Қапшағайдағы шулы оқиға. Кісі қаққан прокуратура қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты

Pixabay
Сот оған 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру және 5 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасын тағайындады.

Алматы облысында адамды көлігімен қағып өлтірген жүргізушіге сот үкімі шықты, деп хабарлайды zakon.kz.

А.Дәркембаевтың ісі Қапшағай қалалық сотында қаралды.

Сотта сотталушы өз кінәсін толықтай мойындап, азаматтық талапты ішінара растады, өзін қатаң жазаламауды сұрады.

Мемлекеттік айыптаушы соттан 2,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Іс бойынша жәбірленуші тарап соттан азаматтық іс-әрекетті толық қанағаттандыра отырып, бас бостандығынан айырудың максималды жазасын тағайындауды сұрады.

- 345-баптың 3-тармағы бойынша 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Алайда қылмыстық құқық нормаларының талаптарына сәйкес, жеңілдететін мән-жайлар болған кезде, орташа ауырлықтағы қылмыстық құқық бұзушылық үшін жазаның негізгі түрінің мөлшері ең жоғарғы жазаның жартысынан аспауы керек. Сот іс бойынша жиналған дәлелдемелерді, сондай-ақ жеңілдететін мән-жайларды (кінәсін ашық мойындау, соттылықтың болмауы, жас баласының болуы) және қылмыстық жауаптылық пен жазамен ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескеріп, бағалай отырып, А.Дәркембаевты кінәлі деп танып, оны 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру және 5 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасын тағайындады, хабарлады соттағылар.

Жәбірленушінің пайдасына сотталушыдан моральдық шығынды өтеу тұрғысында 1 000 000 теңге өндірілді.

Қоғамдық талқыны туғызған жол апаты биылғы жылы жазда болған. Оқыс оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Елең-алаң уақытта белгісі бар жерден жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні көлік қағып, қашып кетеді. Алған ауыр жарақаттарынан жәбірленуші ауруханада қайтыс болды.

Ол 23 жаста еді. Тексере келгенде, жол апатына кінәлі қалалық прокуратураның жүргізушісі болып шықты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз