Сәтпаевтағы кішкентай қызды зорлады деп қамауға алынған күдікті абақтыда көз жұмды

Pixabay
Ол 6 қазанда қайтыс болды.

Қарағанды ​​облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Сәтпаев қаласында қыз баланы зорлады деп күдікке ілінген азаматтың өлімін растады, деп хабарлайды zakon.kz.

- 6 қазанда Қарағандыдағы ​​тергеу абақтысында қыз баланы зорлады деген күдікпен қамауға алынған адамның денесі табылды. Оны қараған жедел жәрдем тобы күдіктінің қайтыс болғанын нақтылады деп хабарлады. Өлімнің алдын-ала себебі - суицид. Тексеру кезінде марқұмның денесінен күштеу белгілері немесе дене жарақаттары табылған жоқ, - делінген хабарламада.

Бұл факт біыңғай тізілімге тіркелді, Қарағанды ​​полиция басқармасының тергеу-жедел тобы келді. Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ресми тексеру тағайындады. Бұған дейін "Не молчи" қоры 62 жастағы күдікті абақтыда асылып өлгенін хабарлаған. Естеріңізге сала кетейік, 23 шілдеде Сәтпаев қаласында 5 жасар бала жоғалып кетті. Ақыры қыз күдіктінің пәтерінен табылды. Халық ол азаматты полицияға бергісі келмей, өздері жазалағысы келіп, жаппай тәртіпсіздікке жол берді. Кәмелетке толмаған адамды ұрлау және зорлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев