Алматы облысында екі жасар бүлдіршіннің мәйіті мұздатқыштан табылды

видеодан алынды
Жас келіншек туған әпкесін үйге кіргізбей қойған. Ол осыдан күдіктеніп, сіңлісі үйде жоқта үйіне жасырынып кірген.

Алматы облысында 2 жасар баланың мәйіті мұздатқыштан табылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz cайтының қылмыстық мәліметтер видеотоптамасында бұл қылмыстың ашылуына марқұм баланың нағашы әпкесі түрткі болғаны айтылады.

2020 жылдың 5 қазанында сағат 16:00 шамасында Қаратал АПБ кезекші бөліміне Үштөбе қаласындағы жеке үйлердің бірінен екі жастағы баланың өлі денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 99-бабы 3-бөлігі (Жас баланы өлтіру) бойынша тіркелді.

Полицияға баланың шешесінің туған әпкесі хабарласқан. Оның айтуынша, ол шілде айынан бастап жиенін көрмеген. Сіңлісі әпкесіне баланы Талдықорған қаласында жалдамалы тәрбиешіге бергенін айтып, үйіне кіргізбеген. Іштей күдіктенген əйел, оның жоқтығын пайдаланып, терезе арқылы үйге кіріп, мұздатқыштан баланың мәйітін тапқан. Полицейлер дереу күдіктіні іздестіру шараларын жүргізіп, бірнеше сағат ішінде Үштөбе қаласының 27 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті ұлын өлтіргенін мойындаған. Әйелдің айтуынша, ол баланың әкесімен ажырасқан. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Мемлекеттік кепілдік сақталады: 2027 жылдан бастап зейнетақы жүйесінде не өзгереді