Талдықорғанда жезөкше жігіттерді ұсынатын жеңгетай ұсталды

Pixabay
Тергеу амалдары жалғасуда, ал өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.

Алматы облысы ПД Криминалдық полиция басқармасына облыс орталығының монша кешендерінің бірінде әкімшінің ақшалай сыйақы үшін интимдік қызмет көрсететін жігіттерді ұсынатындығы, яғни жігіттер жеңгетайлығымен айналысатындығы туралы жедел ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды zakon.kz.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ақпарат расталды және криминалдық полиция қызметкерлері монша кешенінің әкімшісі болып жұмыс істейтін 33 жастағы Талдықорған қаласының тұрғынын ұстады.

Аталған дерек ҚР ҚК 309-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді. Әкімшінің өз клиенттеріне жігіттердің телефон нөмірлерін тікелей бергені анықталды. Алдын ала сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда, ал өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін