Ақтөбеде 100 мыңға жүргізуші куәлігін жасайтын алаяқ ұсталды

zakon.kz
Ақтөбе облысы полиция департаменті ақтөбеліктерді бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады.

9 қазанда Ақтөбе облысының полициясына алаяқтық фактісі туралы арыз түсті, деп хабарлайды zakon.kz.

Ер адам Әбілқайыр хан даңғылындағы кафенің жанында жүргізуші куәлігін алуға жәрдем көрсетемін деп алдап, 50 жастағы әйелден 100 мың теңге алған. Алайда оған куәлік те, ақшасын да бермеген.

Жәбірленуші полицияға жүгінді. 43 жастағы ақтөбелік күдіктіні полицейлер ұстады, күдікті жасаған ісін мойындады. Бұл факті бойынша "Алаяқтық" бабымен тергеу жүргізілуде.

Аталған факт ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігімен "Алаяқтық" дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Осы қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі