Алматыда "КарСити" сауда орталығы маңында жарылыс болды

Алматы қалалық ТЖД
Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

CarCity автомобиль бөлшектерін сататын сауда орталығы аумағында үлкен өрт болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Куәгерлердің айтуынша, үлкен ангар отқа оранған.

"27 қазанда сағат 12.56-да Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері мен техника құралдары жоғары деңгейдегі дабыл бойынша аяғынан тік тұрғызылып, Әуезов ауданы Ақсай-1А ықшам ауданына бет алды. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер ашық ангар типіндегі техникалық қызмет көрсету станциясы отқа оранғанын анықтады, өрт сөндіру саптамалары берілді. Өртті сөндіру қиынға соқты, өйткені отқа оранған темір ангар одан сайын қыза түскен. Оқиға орнынан әрқайсысының көлемі 25 литр болатын 2 газ баллоны сыртқа шығарылды. Ангардың ішінде жанғыш сұйықтық бар контейнер де бар болып шықты, сағат 13: 21-де жарылыс болды, өрт сөндірушілер арасында зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті.

Бұл жерде Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты 60 жеке құрам және 13 техника жұмыс істеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?