Граната ұстаған 58 жастағы Петропавл қаласының тұрғыны медициналық қызметкерлерге қоқан-лоққы көрсетіп, No4 қалалық емхананың жұмысын кілт тоқтатты, деп хабарлайды zakon.kz.
СҚО ПД-ның хабарлауынша, 102 нөміріне сағат 09: 10-да қоңырау келіп түскен. Оқиға орнына барлық қызмет түрлері жөнелтілді. Ғимараттан медициналық қызметкерлер мен 100-ден астам науқас эвакуацияланды
Граната тәркіленіп, инженерлік мамандармен жарылғыш заттарды тасымалдауға арналған ыдысқа салынған. Ер адам ұсталып, тергеуге алу үшін Петропавл қаласының Бірінші полиция бөліміне жеткізілді.
Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы, 3-бөлігі, яғни "Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз иемдену, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша енгізілді.
Тергеу аясында қажетті сараптамалар тағайындалады. Тергеу оқиғаның себептері мен барлық мән-жайларын анықтауы керек.
Ұсталған адамның айтуынша, мұндай әрекеттерге медициналық мекеменің жұмыс сапасына қанағаттанбауы себеп болған. Ер адамның Ауған соғысына қатысқан Паралимпиада ойындарының қатысушысы екені белгілі.
СҚО ПД-ның жарылғыш заттар бойынша мамандарының алдын-ала сараптамасына сәйкес, F-1 гранатасында жарып жіберу тетігі (запал) болмағаны анықталды.