Алматы тауларында кәмелетке толмаған қыз табылды

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Алматы қаласының тауларында кәмелетке толмаған қызды құтқарды.

2020 жылғы 27 қазанда Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөліміне Алматы қаласы, Медеу ауданында, Мыңжылқы үстіртіндегі метеостанция ауданында (теңіз деңгейінен 3100 метр биіктікте) 2003 жылы туған қыздың аяғын жарақаттап алғаны және оған көмек қажет екендігі туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

РЖҚЖ құтқарушылары зардап шеккен қызға жедел көлікпен жетті. Қыз құлап, тізесін жарақаттап алған екен. Оқиға орнында РЖҚЖ құтқарушылары алғашқы медициналық көмек көрсетіп, зардап шеккен адамды Апаттар медицина орталығының қызметкерлеріне тапсырды.

2020 жылғы 27 қазанда Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөліміне Алматы қаласы, Медеу ауданында, Мыңжылқы үстіртіндегі метеостанция ауданында (теңіз деңгейінен 3100 метр биіктікте) 2003 жылы туған қыздың аяғын жарақаттап алғаны және оған көмек қажет екендігі туралы ақпарат келіп түсті.

РЖҚЖ құтқарушылары зардап шеккен қызға жедел көлікпен жетті. Қыз құлап, тізесін жарақаттап алған екен. Оқиға орнында РЖҚЖ құтқарушылары алғашқы медициналық көмек көрсетіп, зардап шеккен адамды Апаттар медицина орталығының қызметкерлеріне тапсырды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды