Алматы маңындағы демалыс орындарының бірінде бір адамға қарулы шабуыл жасалды

azh.kz
Полицияға бейтаныс адамдардың қару кезеніп, кісі өлтірмек болғандығы туралы ақпарат түсті.

Алматы маңындағы Байсерке ауылындағы демалыс орындарының бірінде оқ атылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы пайда болды. Видеода ер адамның оқиға орнынан видео түсіріп, сонымен қатар полицияға қоңырау шалғанын байқауға болады. Ол бұл - Байсерк аумағында екенін, Калашниковтан оқ атып жатқанын хабарлайды. Екінші адам бұл жерде балалары бар екенін айтып, жанжалдасқандарды сабырға шақырады.

- Оқыс жайт биылғы жылдың 31 қазанында сағат 16.00 шамасында Алматы облысы, Іле ауданы, Байсерк ауылындағы демалыс орындарының бірінде болған. Полицияға бейтаныс адамдардың қару кезеніп, кісі өлтірмек болғандығы туралы ақпарат түсті. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша адам өлтіруге оқталу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілерді анықтауға және оларды ұстауға бағытталған тергеу-жедел іс-шаралар кешені ұйымдастырылды, - деп хабарлады Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін