Алматыда ірі апат: тежегішсіз қалған қытайлық жүк көлігі аударылды

zakon.kz
Оқиға салдарынан үш адам жарақат алды.

Алматыда Қытайда жасалған Shacman жүк көлігінің тежегіші істен шығып, жол апаты орын алды, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Оқиға 3 қараша күні болды. Жүк тиелген Shacman алдымен Nissan Maxima көлігін соғып, автобус аялдамасы мен трансформаторды қақты, ең соңында бір үйдің ауласына кіріп барып аударылып түсті. Жүк көлігінің жүргізушісі кабинадан секіріп кетіп, соның арқасында аман қалды – кабина оңбай мыжылды.

Оқиға салдарынан үш адам жарақат алды – Nissan мен Shacman жүргізушілері және аялдамада тұрған әйел адам.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз