Ауыл тұрғыны карантин кезінде көкпар ұйымдастырды

ТО ПД баспасөз қызметі
ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын бұзу" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Түркістан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес облыс бойынша карантин режимін сақтау, яғни бетперде тағып жүру, арақашықты сақтау көзделгені баршаңызға белгілі, деп ескертеді ТО ПД баспасөз қызметі.

Осыған орай Төлеби ауданының полицейлері күнделікті карантин талаптарының сақталуы бойынша рейдтік тексеру іс-шараларын жүргізуде. Осындай кезекті рейдтік тексеру кезінде учаскелік полицейлер мен мобилдік топ Төлеби ауданы Алғабас ауылының маңайында көкпар ойыны өтіп жатқанын анықтады. Аталған көкпарға 200-ден аса адам жиналғаны белгілі болды. Тәртіп сақшылары белгіленген талапты сақтамай, көкпарға қатысушы тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жиналған қауымды тарқатты.

Сондай-ақ адамдардың көптеп шоғырлануына жол беріп, көкпарды ұйымдастырушы азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу" бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Жинақталған ақпараттар шешім қабылдау үшін тиісті органға жолданып, оған 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері карантин талаптарын сақтап, бетперде тағып, арақашықты сақтап, үнемі антисептик қолданып, адамдар көп болатын орындарға бармауға кеңес береді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі