Алматыда такси жүргізшісінен зардап шеккен жолаушыға қатысты полиция түсінік берді

zakon.kz
Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі такси жүргізушісінің жолаушыға шабуыл жасағаны туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.

- Аталған факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы (Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру) бойынша тіркелген. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процедуралық шешім қабылданады, - делінген дүйсенбіде жарияланған хабарламада.

Оқиға туралы жәбірленушінің өзі желіде мәселе көтерді. Оның айтуынша, такси жүргізушісі жолаушыны діттеген жеріне жеткізуден бас тартып, ол ашуланғанда өзіне тап берген.

Оқиға үш апта бұрын болған. Таксиді қолдау қызметі осы оқиғадан кейін бұл жүргізушіге қатысты қызмет бұғатталғанын хабарлады. Бірақ, жүйедегі ақпаратқа сәйкес, ол қызды тапсырыс берген жеріне жеткізген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстан балмұздақ өндіруден рекорд орнатты

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі