Қарағандылық әйел біреудің банк картасын ұрлап алып, төрт рет сауда жасаған

Жәбірленуші картасының ұрланғанын бір күн ішінде төрт дүкеннен жалпы сомасы 33 мың теңгеге тауар алғандығы туралы смс-хабарлама келгенде бір-ақ білген.

Теміртаулық тәртіп саұшылары біреудің ұрланған банк картасымен тауар сатып алып жүрген әйелді ұстады, – деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz мәліметі бойынша, 10 қарашада Теміртау қалалық ПД-ға қарасты Ескіқалалық полиция бөліміне 36 жастағы әйел хабарласып, белгісіз біреудің оның банк картасын ұрлап әкеткені туралы арызданған. Жәбірленуші картасының ұрланғанын бір күн ішінде төрт дүкеннен жалпы сомасы 33 мың теңгеге тауар алғандығы туралы смс-хабарлама келгенде бір-ақ білген.

Полиция қызметкерлері карточка арқылы сауда-саттық жасаған 30-35 жас аралығындағы әйел екенін анықтады. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. 14 қараша күні криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 36 жастағы азамат ұсталып, ол қылмысын мойындады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: