Елордалық дәмханадағы жарылыс салдарынан ауруханаға түскен адамның бірі көз жұмды

Астана ТВ
Оқиға орнынан төтеншеліктер 35 газ балонын тапты, бұл өрт қауіпсіздігіне тіптен қайшы.

Елордада өткен сенбіде болған жарылыс салдарынан тағы бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бірнеше күн бойы жансақтау бөлімінде жатқан 24 жасар ер адам көз жұмды.

Дәрігерлердің айтуынша, марқұмның жағдайы өте ауыр болған. Ол үйінді астынан табылған болатын. Ауыр бас-сүйек жарақатын алған науқасты дәрігерлер ақыры аман алып қала алмапты.

Айта кетсек, өткен аптада Нұр-Сұлтан қаласының Шұбар ауданындағы дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылып, 30-ға жуық адам зардап шекті, бір әйел қаза тапты. Зардап шеккен 23 адам ауруханаға жатқызылып, 11-і үйіне қайтарылған болатын. Тағы екі адам жансақтау бөлімінде жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды