ШҚО дәрігерлері карантин кезінде шекараны заңсыз басып өтуге мүмкіндік беретін анықтама сатқан

ҚР ҰҚК
Жүргізілген тергеу шаралары және жинақталған дәлелдемелер нәтижесінде күдіктілер өз кінәсін толығымен мойындады.

Шығыс Қазақстан облысында дәрігерлер карантин кезінде шекараны заңсыз басып өтуге мүмкіндік беретін жалған құжатты (форма-35-1у) жасап берген, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР ҰҚК ШҚО бойынша Департаментімен "Ж" жеке медициналық орталығымен ұйымдастырылған ҚР шекарасын заңсыз өтуге қолданылатын жалған дәрігерлік консультациялық комиссия (ДКК) қорытындыларын сату бойынша қызметі тоқтатылды.

2020 жылдың 18 қыркүйегінде жедел-іздестіру шараларын асыру барысында, жалған ДКК қорытындысын бақылау сатып алу нәтижесінде аталған медициналық орталық қызметкерлерінің заңсыз әрекеті расталды.

Жедел-тергеу шаралардың нәтижесінде алдында берілген 200 жуық ДКК қорытындылары, дәрігерлердің қолы мен таңбалары қойылған толтырылмаған бланкілер, таңбалар және компьютерлік техника табылып, тәркіленіп алынды.

Куәгерлерден жауап алу нәтижесінде ДКК қорытындыларының түпнұсқалары алынып, сәйкес экспертизаға жолданды.

Белгілі болғандай, медициналық орталықтың директор орынбасары мен бас дәрігері 5 мың теңге ақшалай сыйақы үшін жалған ДКК қорытындыларын тұлғаларға сатып отырған. Сонымен қатар, шетел медициналық мекемесінен шақыру қажет болған жағдайда, қызмет бағасы 10 теңгеге бағаланды.

Аталған факт бойынша ҚР ҰҚК ШҚО бойынша Департаментімен ҚР ҚҚ 385 бабы 1 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жүргізілген тергеу шаралары және жинақталған дәлелдемелер нәтижесінде күдіктілер өз кінәсін толығымен мойындады.

Нәтижесінде, 2020 жылдың 19 қарашасында сотпен күдіктілер ҚР ҚҚ 385 бабы 2 тармағы бойынша кінәлі болып табылып, әрқайсысына 1000 МЕК көлемінде айыппұл тағайындалды.

Тағы айта кететін жайт, соңғы уақытта түрлі әрекеттерді қолданып, ҚР-РФ шекарасын заңсыз өту талпыныстары байқалуда.

Биыл қыркүйектен бастап ШҚО-ның үш тұрғынының жалған ДКК қорытындыларын пайдалану арқылы шекарадан заңсыз өту әрекеті тоқтатылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты