БҚО-да студент қыз босанып қалып, нәрестесін дәретханаға тастаған

Нәресте қатты суықтап қайтыс болған.

БҚО-да 19 жастағы бойжеткен жаңа туған нәрестені дәретхана тесігіне тастаған, деп хабарлайды zakon.kz.

Қайғылы оқиға 23 қарашада Қазтал ауданының Жаңажол ауылында орын алды. Ауыл тұрғындарының айтуынша, 19 жастағы қыз бала туып, оны орап, сөмкеге салып, дәретхана тесігіне тастаған.

БҚО денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі "Мой город" басылымына берген түсініктемесінде, қыздың үйде баланы тірідей босанғанын айтады.

Сот-медициналық сарапшылардың айтуынша, жаңа туған нәресте гипотермиядан қайтыс болған. Қыздың өзі қазір ауруханада, онымен психологтар айналысады, - деді БҚО денсаулық сақтау басқармасы.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, қыз колледжде оқиды, студент. Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл фактіні растап, ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы, "Жаңа туған баланы анасының өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: