Ұлттық банк атынан фейк-хаттар тарап жатыр

delo.ua
Қазақстан Ұлттық банкінен ақша жіберу туралы өтініші бар күдікті хаттарды алған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласу қажеттігі ескертіледі.

Қазақстан Ұлттық банкі ақша жіберу туралы өтініші бар электрондық хаттар мен анонимді телефон қоңырауларын елемеуге шақырады. Белгісіз банктік шоттардың деректері қамтылған, кездейсоқ ақша алу мүмкіндіктері туралы хабарламалар көп жағдайда олардың алаяқтық әрекет екендігін көрсетеді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Шын мәнінде мұндай хаттар Ұлттық банктен жеке тұлғаларға таратылмайды. Орталық банктер жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейді, ақшалай есеп айырысулар мен мәмілелер жүргізбейді: Ұлттық банктегі банктік шоттар тек ҚҰБ, екінші деңгейдегі банктер мен саны шектеулі заңды тұлғалардың операциясын есепке алу үшін ғана ашылуы мүмкін. Осыған орай Қазақстан Ұлттық банкінің жеке тұлғалардың құнды заттары мен банкнот, монеталарына қатысты инкассациялық (соның ішінде жеткізу, тасымалдау) қызметті атқармайтынын ескертеміз", делінген ҚР Ұлттық банкі таратқан хабарламада.

Қазақстан Ұлттық банкінен ақша жіберу туралы өтініші бар күдікті хаттарды алған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласу қажет. Кеңес алу үшін 1477 қысқа нөмірі бойынша Ұлттық банктің байланыс орталығына да хабарласуға болады (ұялы және қалалық телефоннан қоңырау шалу – тегін).

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды