Полицейді балағат сөздермен қорлаған жетісайлық тұрғын жауапқа тартылды

Pixabay
Тіпті учаскелік полиция инспекторына күш қолданып, себепсіз ұрған.

Жетісай АПБ-нің кезекші бөліміне кешкі сағат 18:00-дер шамасында "102" сымтетігі арқылы жергілікті тұрғын хабарласып, көмек сұраған. Ол әйелдің айтуынша үйінде тұрмыстық жанжал орын алған, деп хабарлайды zakon.kz ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған жайтқа байланысты оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жетті. Осы кезде жәбірленуші азаматшаның күйеуі тәртіп сақшысына қарсылық танытады. Өз қызметін атқармақшы болған тәртіп сақшысының заңды талаптарына бағынбай, дөрекі мінезін көрсете бастайды. Билік өкіліне тіл тигізіп, балағат сөздермен қорлап, аузына келгенін айтады. Тәртіп сақшысы сабырға келуін сұрағанымен, құқық бұзушы заңға бағынбай өзінің теріс әрекеттерін жалғастырған. Тіпті учаскелік полиция инспекторына күш қолданып, себепсіз ұрған.

Орын алған оқиға Жетісай АПБ-мен СДТБТ-ға енгізіліп, ҚР ҚК-нің 380-бабы "Билік өкіліне қатысты күш қолдану" бойынша тіркелді. Осыған байланысты полицейлер билік өкіліне қарсы келіп, балағаттап, күш қолданған тұрғынды ұстап, ПБ-ге жеткізді. Оған қатысты медициналық сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысына сәйкес оның есірткі тұтынғаны анықталды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауда.

Тергеу барысында анықталғандай құқықбұзушы азамат бұдан алдын да ҚР ҚК-нің 296-бабы "Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау" бойынша 2 рет жауапкершілікке тартылған.

Өз кезегінде қызметтік міндетін атқаруға келген билік өкілдеріне күш қолданудың соңы қылмыстық жауапкершілікке апаратынын ескертеді. Сондықтан қарсылық көрсетіп, құқық бұзушылық жасағанша, өз қауіпсіздігіңізді ескеріп, заң талаптарына бағынғандарыңыз жөн.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев