Алматы полициясы сатушыларды гипноздайтын әйелдің суретін жариялады

Сатушы есін жиғанда әлгі әйел ізім-қайым жоғалады екен.

Сауда үйлерінің бірінің сатушысы Жетісу аудандық полиция бөліміне өзін сөзге тартқан сыған секілді әйелдің кассадағы ақшаны алып, жоқ болғанына арызданған, деп хабарлайды zakon.kz.

Сотқа дейінгі тергеу барысында қалада бұл бірінші рет болған жағдай емес екені анықталды.

Ұсталған - 1988 жылғы Р. есімді азамат, негізгінен, сауда үйлерін айналшықтаған. Бейнебақылау камералары оның сауда үйіне кіріп, бутикті аралап, содан кейін кассадағы сатушымен әңгімеле бастағанын көрсетті. Әңгімелесу барысында ол сатушыны бұрын бір жерден көргенін, немесе оның алдында істеген сатушыны танитын секілді осыған ұқсас секем туғызбайтын нәрселер айта бастайды. Осылайша әңгіме барысында ол гипнозды қолданып, кассадағы ақшаны иемденеді, видеода ақшаны сатушының өз қолымен әйелге бергені көрінеді, содан соң ол жайбарақат кетіп қалды, - деді Жетісу аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Дархан Мұсанов.


Сатушы есін жиған кезде гипнозшы жоқ болған.

Айта кету керек, күдікті бұрын осындай әрекеттері үшін сотталған. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы - алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, - деді полициядағылар.

Полиция полковнигінің айтуы бойынша, мұндай эпизодтар жиі кездеседі, қылмыстық гипнозға түспес үшін байланысты дереу үзу керек, яғни өзара әңгімені доғарып, оның көзіне қарамау керек, өйткені визуалды байланыс соңғысы үшін өте маңызды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: