Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаевтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Подписание законов, назначения, назначение, Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2026 12:55 Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаевтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Ресми ақпаратты 2026 жылдың 16 сәуірінде Ақорданың баспасөз қыметі хабарлады.

Президент көрнекті өнер қайраткері, режиссер-сценарист, І дәрежелі "Барыс" және "Парасат" ордендерінің иегері Есмұхан Обаевтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.


"Есмұхан Несіпбайұлы саналы ғұмырын киелі сахнаға арнаған театр тарланы, өнегелі өнер иесі еді. Ұлт руханиятын ұлықтап, отандық драматургияның дамуына зор үлес қосты. Жауапты лауазымдарды абыроймен атқарып, мәдениет көкжиегін кеңейтуге бар күш-жігерін жұмсады", – деп жазылған жеделхатта.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: