Шымкентте 12 жастағы қыз 8-ші қабаттан құлап кетті

Марқұм шаңырақтың үлкені көрінеді. Енді анасының жанында жалғыз қарындасы қалды.

12 жастағы жеткіншек абайсызда 8-ші қабаттың терезесінен құлап кетті. Оқыс оқиға Шымкентте болды. Түрлі дене жарақатын алған бала шұғыл түрде ауруханаға жеткізілгенімен, оны өлімнен аман алып қалу мүмкін болмады. Себебі, оқушының бас сүйегі сынып, кеуде және ішкі қуыстары қатты зақымданған, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға "Шымсити" шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. 12 жастағы жеткіншек терезеден абайсызда құлап кетіпті. Жедел жәрдем жеткенде, ол тірі болған. Дереу №1-ші клиникалық ауруханасының жансақтау бөлімшесіне жатқызылыпты.

Бақытжан Позилов, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Келіп түскендегі диагнозы, бас миының сотресениясы, одан кейін, бас ми жарақаты, перелом оснавание черепа, разрыв внутренных органов внутренных кровтечение, шоковый состояние. Осы жағдайда түскен.

Құрамында реаниматолог, хирург және травматолог дәрігерлері бар кезекші топ консилиум жасап, шұғыл түрде реанимациялық шаралар қабылдаған. Осы уақыт ішінде кішкентай науқастың жүрегі екі рет тоқтапты. Жан-жақты дәрігерлік көмек көрсетілгенімен, баланы өлімнен аман алып қалу мүмкін болмады. Ауруханаға түскен соң 3 сағаттан кейін бала көз жұмған.

Бақытжан Позилов, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

2 рет жүрегі тоқтады. 2 рет реанимация болды. Яғни, реанимация бөлімшесінде көрсетілген реанимациялық көмектерге қарамастан сағат 00:45-те өкінішке орай, бала қайтыс болды.

Жеткіншектің ата-анасымен сөйлесу мүмкін болмады. Көршілердің сөзінше, олар ажырасып кетіпті.

Ажырасып кеткен. Папасы келемін деген. Мамасы кіргізбеген. Баласы папасын жақсы көретін болған соң, құлады деп айтып жатыр.

Марқұм шаңырақтың үлкені көрінеді. Енді анасының жанында жалғыз қарындасы қалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: