Қостанай облысында зейнеткер өз үйіндегі өрт кезінде қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.
26 желтоқсанда таңертең сағат 09: 14-те облыс орталығынан 8 шақырым жерде орналасқан Островной ауылының қоңырау келіп түсті. Рабочая көшедегі жапсарласқан орналасқан жеке үйдің бір бөлігінің шатыры жанған, - деп хабарлады Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті.
Өртті сөндіруге екі автоцистерн мен №29 Сарыкөл өрт сөндіру бекетінің жеке құрамынан 9 адам жұмылдырылды. Сондай-ақ Урицкое орман шаруашылығы басқармасының еріктілері де жалынмен күресті.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өрт сөндірушілер келген уақытта қатты жел өртті құтыртып, ол үй шатырының барлық аумағына ойысқан. Оның үстіне өрт шатырға ғана емес, қамыс қабырғаларға да тиген. Салдарынан өрт шамамен 100 шаршы метр аумаққа ұласты.
Өрт сөндірушілер өртті ауыздықтаған кезде сағат 11: 01-де үш адамнан тұратын газ бен түтіннен қорғау қызметінің звеносы тұрғын үйдің ішіне құлаған шатыр бөлшектерін бұза бастады. Көп ұзамай, үйінділердің астынан ер адамның күйген денесі табылды. Ол 1956 жылғы зейнеткер болып шықты. Ол өз пәтерінде жалғыз тұрады екен. Үйдің екінші жартысы бос және құлыптаулы, - деп хабарлады ТЖМ.
Өрттің алдын-ала себебі - төсекте жатып, темекі шегу.
- Кейбір адамдар қарапайым өрт қауіпсіздігі шараларын сақтамайды. Әркім қоқыс жәшігіне лақтырылған темекінің немесе төсекте жатып, темекі шегудің қандай қауіп тудыратынын біледі, - деді департаменттегілер.