Атырау облысында үйіне суши алдыртып жеймін деп, 16 адам уланып қалды

Pixabay
Ауруханаға жатқызылған адамдардың жағдайы "орташа" деп бағаланады.

28 желтоқсанда Құлсары қаласында сушидан жаппай улану жағдайы орын алғаны белгілі болды. Жылыой орталық аудандық ауруханасына жергілікті 16 тұрғын тамақтан уланып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды zakon.kz.

"Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі кеше 27 желтоқсанда Құлсары қаласының 10 тұрғыны, ал бүгін – 6 тұрғынның ауруханаға түскенін хабарлады. Олардан сұрастыра келе, бәрінің 25-27 желтоқсан аралығында сол қаладағы кафеден үйге суши жеткізіп беруге тапсырыс бергені анықталды" деп жазады Ақ Жайық басылымы
.

Ауруханаға жатқызылған адамдардың жағдайы "орташа" деп бағаланады. Улану белгілері – іш өту, жоғары температура, жүрек айнуы, құсу және жалпы әлсіздік.

Қазір осы факті бойынша құқық қорғау органдары тексеру жүргізіп жатыр.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі "бізде ондай мәліметтер жоқ" деп жауап берді.

Біздің мәліметіміз бойынша, кафенің өзінде тамақты дайындау мен жеткізу қызметі тоқтатылған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматы полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

Шымбұлаққа автомобильдердің кіруіне салынған тыйым Конституцияға сай емес деп танылды

"Құрметті азамат" атағы кімдерге және қалай беріледі

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

Филиппиндегі жер сілкінісінен кейін теңіз түбі екі метрге көтерілді