Қапшағайда жас жігітті пышақтап кеткен рецидивист қылмыскер ұсталды

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Кейін белгілі болғандай, күдікті бірнеше рет түрлі қылмыстар үшін сотты болған.

Қапшағай қаласы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілініп, тергеуден жасырынған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жүргізілген жедел - іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі 9-тармағы бойынша, яғни адам өлтіруге оқталғаны үшін айыпталған 35 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Күдіктінің 2020 жылдың 26-желтоқсанында спирттік ішімдіктерді бірлесіп ішу барысында Қапшағай қаласының 23 жастағы тұрғынына бірнеше жарақат салғаны анықталды. Соның салдарынан жәбірленуші жедел жәрдем көлігімен қалалық ауруханаға жеткізілген, -дейді Қапшағай ҚПБ бастығы, полиция майоры Манат Айтмұханбетов.

Айта кету керек, қылмыс бірлескен ішімдік ішу кезінде туындаған жанжалға байланысты орын алған. Қылмыстардың көпшілігі алкогольдік ішімдікті тұтыну кезінде жасалатыны белгілі.

Кейін белгілі болғандай, күдікті бірнеше рет түрлі қылмыстар үшін сотты болған. Ол ҚР ҚІЖК 128-бабының тәртібімен ұсталып, полиция бөлімінің уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Қазіргі уақытта ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындады, іс бойынша қажетті тергеу шаралары жүргізілуде, - деп толықтырды полиция майоры Манат Айтмұханбетов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті