Нұр-Сұлтанда үй тазалаушы әйел үй иесінің 6 мың долларын ұрлаған

zakon.kz
Ол қамауға алынды.

Үй тазалаушы - жалдамалы әйел қожайынның үйінен ақша ұрлаған, деп хабарлайды zakon.kz.

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында үй шаруашылығына жалданып, сол үй иелеріне тиесілі ақшаны ұрлады деген күдікті әйелді ұстады. Тергеу барысында әйелдің бұл үйге бір жыл жалданып жұмыс істеп, одан соң өз еркімен жұмыстан шыққандығы анықталды. Жұмыс берушілерден шағым болмаған. Керісінше, жұмыстан шығып кеткеннен кейін біраз уақыт өткен соң, үй иелері оны бір күнге үйінде жұмыс істеуге шақырады. Үй күтушісі өз жұмысын атқарып, пәтер иелерінің жоқтығын пайдаланып, 6000 АҚШ доллары көлеміндегі қаражатты ұрлады деген күдік келтіріллді, - делінген Нұр-Сұлтан ПД хабарламасында.

Ақшаның жоғалғанын үй иесі бір айдан кейін ғана байқаған, сод соң бірден полицияға хабарласқан.

Полиция 31 жастағы, бұрын сотты болған әйелді ұстады. Осы фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті өз кінәсін мойындады. Әйел ақшаның көп бөлігін жұмсап үлгерген. Оның елордада бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде, деп толықтырды баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды