Алматыда көлікке оқ атқан ер адам ұсталды

123ru.net
Күдікті аудандық ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алматыда танысының көлігіне оқ атқан ер адам ұсталды, – деп хабарлайды zakon.kz.

Алмалы аудандық ПБ хабарлағандай, бұл қылмыс таңертең Райымбек даңғылы мен Абылай хан көшесінің қиылысында болған.

– 1994 жылы туған М.есімді азамат травматикалық тапаншамен 1993 жылғы И.азаматтың автокөлігіне оқ атып, оқиға орнынан қашып кеткен. Бақытымызға орай, ешкім зардап шеккен жоқ. Көлік құралына механикалық зақым келді. Осы қылмысты ашу мақсатында арнайы тергеу-жедел тобы құрылды, бейнебақылау жүйесінің деректері зерттелді. Күдіктілер дереу анықталып, олардың бірі қысқа мерзімде қамауға алынды, – деді, Алмалы аудандық ПБ бастығы Есен Ысқақов.

Оның айтуынша, заңсыз әрекеттердің тағы бір қатысушысы іздеуде. Оның қолға түсуі уақыттың еншісінде.

Тергеудің осы кезеңінде тараптардың бір-бірімен таныс екендігі анықталды, олардың арасында бір-бірімен дұшпандық қатынастар пайда болған, бұл ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі бойынша тергеуге алынған қылмыстың мотиві болды. Қазіргі уақытта жедел-тергеу іс-шаралары кешені жалғасуда, - дейді ол.

Күдікті аудандық ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін