Өскеменде кафедегі кісі өлтіру фактісі видеоға түсіп қалған

azattyq-ruhy.kz
Оқыс оқиға Согра ауданында болған.

Өскеменде кафеде төбелес кезінде ер адамды пышақтап кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Оқыс оқиға Согра ауданында болған. Полицияға облыс орталығындағы ойын-сауық мекемелерінің бірінде ер адамның төбелес кезінде досына пышақ салғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Тәртіп сақшылары қаскөйдің ізіне түсіп, күдіктіні дереу анықтап, ұстады. Екі адам кафеге бірге келген. Бірақ алкогольдік ішімдік ішу кезінде олардың арасында жанжал туып, арты төбелеске ұласқан.

Төбелес кезінде ер адам досына бірнеше рет дене жарақатын салған, ол жедел жәрдем көлігінде алған жарақатынан есін жимастан қайтыс болды, - деді ШҚО ПД басшысы Сағат Мәдиев.

Күдікті - бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған облыс орталығының 32 жастағы тұрғыны.

Адам өліміне әкеліп соқтырған оқиғаның барлық жағдайлары мен себептері анықталды. Күдікті Өскемен қалалық ПБ-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 1 бөлігі, яғни "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от СМИ zakon.kz (@zakon.kz)

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек