Павлодарда балалар орталығының қызметкерлері жаппай жұмыстан кетіп жатыр

ridus.ru
Қыздар Жаңа жылда зарарсыздандырғыш сұйықтықты суға араластырып ішкен.

Павлодарда балаларды қолдау орталығы қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Павлодар қаласының "Қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығында" үш оқушы антисептиктен уланып, олардың біреуі қайтыс болды.

Қыздар Жаңа жылда зарарсыздандырғыш сұйықтықты суға араластырып ішкен.

Қайғылы оқиғадан кейін орталықта тексеру жүргізілді.

Оның қорытындылары бойынша орталық басшысының орынбасарына, тәрбиешіге, медбикеге қатаң сөгістер жарияланды. Білім бөлімі басшысының айтуынша, медбике және екі көмекші, мұғалім және тәрбиеші өз еріктерімен жұмыстан шықты. Орталық директоры қызметінен кету туралы өтініш жазды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Павлодар облысы білім басқармасының бастығы Дінислам Болатханұлы.

Сондай-ақ, аталған мекемелердің қызметіне бақылауды күшейту туралы шешім қабылданды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (Суицидке апару), 371-бабы (Абайсыздық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Шағын футболдан Еуропа чемпионаты: Қазақстан Венгрия құрамасын ұтып, финалға жолдама алды

Гимнаст Эвелина Ежова Ташкенттегі Challenge Cup турнирінде топ жарды