Алматыда екі дәрігер жұмыстан босатылды

sobaka.ru
Процедурадан бұрын тіс дәрігері 10 000 теңге төлеуіміз керектігін айтты, - деп жазды әйел. Ал ақша төлеуден бас тартқан кезде, ол тіс етін кескенімен, бірақ тісті жұлмай қойған.

Алматылық әйел №5-ші қалалық аурухананың тіс дәрігерінің үстінен шағымданды. Egov.press порталында ол дәрігер қызметі үшін 10 мың теңге талап еткенін, ал ақшасы жоқтығын айтқанда бастаған ісін аяқтамай өздерін қоя бергенін жеткізеді. Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы бұл факт бойынша тексеру басталғанын және оның нәтижесі шығып үлгергенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл іс бойынша жұмыс тобы құрылып, қызметтік тексеру жүргізілді, - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Тексерудің қорытындылары бойынша келесі шешімдер қабылданды:

1. Бөлімге жауаптыларға екі сөгіс жарияланды;
2. Екі дәрігер қызметінен босатылды.

Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында қабылдау бөлімінің қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылып, жұмыс тобының тексеру нәтижелері талданды, - дейді ДСБ.

Алматылық әйел өзінің 2016 жылы туылған баласын тісі қатты ауырғандықтан, № 5-ші қалалық ауруханаға жедел жеткізіп, дәрігер қабылдауында болған. Әйелдің айтуы бойынша, баланың тісі іріңдеп, сондықтан етті кесу керек болған.

Бізді 1993 жылғы дәрігері Насиров Маммадали қабылдады. Іріңдеу үшінші рет қайталанғандықтан, етті кесіп, төртінші тісті алып тастау туралы шешім қабылданды. Процедурадан бұрын тіс дәрігері 10 000 теңге төлеуіміз керектігін айтты, - деп жазды әйел. Ал ақша төлеуден бас тартқан кезде, ол тіс етін кескенімен, бірақ тісті жұлмай қойған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Құрбан айт-2026: Қазақстанда мал бағасы өсіп барады

Қазақстан Кенияға ЖИ және цифрландыру саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды

Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөйлеген сөзі: толық мәтін

Тоқаев Иордания короліне құттықтау жеделхатын жолдады